Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бес қазақстандық өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандары екенін айтып, сотқа жүгінген

Бес қазақстандық өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандары екенін айтып, сотқа жүгінген
Сурет: martebe.kz
Бес қазақстандық сотқа жүгініп, өздерін саяси қуғын-сүргін құрбаны деп мойындауды сұраған.

Бес қазақстандық өзін саяси қуғын-сүргін құрбаны деп мойындау үшін сотқа жүгінген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Биыл 5 азамат сотта өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде тануды сұрап сотқа жүгінген.

Қалалық сот пен прокурорлар істерді, мұрағаттық құжаттарды зерделеп, аталған тұлғалардың бұл санатқа қатыстылығы жоқ екенін анықтады.

Сот елорда прокуратурасының өтініші бойынша  оларды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықты еске алу күні.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар