Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда Ту теріс ілінген: кінәлілер айыппұл арқалады

Атырауда Ту теріс ілінген: кінәлілер айыппұл арқалады
Сурет: видеодан скриншот
Атырау қаласында Ту теріс ілініп, көпшіліктің ашуын тудырды.

Атырау қаласының орталығындағы басты ту тұғырында мемлекеттік Ту теріс ілінген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде қате ілінген тудың суреттері мен бейнежазбалары тарап кетті. Куәгерлер ту сол күйі бірнеше сағат бойы ілініп тұрғанын айтқан.

Көпшіліктің наразын тудырған соң ту алынып тасталды. Осған байланысты Атырау қалалық әкімдігі Stan.kz сайтына түсініктеме берді.

"17 қазанда ту көтеру кезінде мердігер ұйымның қызметкерлері техникалық қателік жіберіп, туды керісінше іліп қойған. Бұзушылық дереу анықталып, ту талапқа сай қайта ілінді. Бұл жағдай бойынша мердігер ұйымның қызметкері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 458-бабы ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік жауапқа тартылды", – делінгін әкімдік жауабында.

Аталған бапқа сәйкес мұндай құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар