Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ендігіде қазақстандықтарды ЖИ камералары бақылауда ұстайтын болады

Ендігіде қазақстандықтарды ЖИ камералары бақылауда ұстайтын болады
Сурет: ivideon.com
Жасанды нстеллект камералары адамдардың бет-әлпетін толық түсіріп алатын болады.

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Сенат кулуарларында қазақстандықтардың қауіпсіздігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, заманауи технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект құқықтық қызметтердің сапасын жақсартуға, құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.

Осы бағытта министрлік құқық қорғау органдарымен бірлесіп ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда «Құқықтық кеңес беру бойынша жасанды интеллект агенті» сияқты шешімдер жүзеге асырылуда. Бұл жүйе азаматтардың заңдық сұрақтарына жылдам әрі нақты жауап беріп, құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді.

«Болашақта “Ұлттық бейнемониторинг жүйесін” енгізу жоспарлануда. Ол қоғамдық орындарда тәулік бойы бақылау жүргізіп, жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін болады.

Жүйе адамдардың бет-әлпетін, автокөлік нөмірлерін автоматты түрде анықтап, күмәнді жағдайларды — төбелес, адамдардың шоғырлануы немесе тасталған заттарды тіркейді. Бұл өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздік деңгейін және құқық қорғау органдарының жедел әрекет ету мүмкіндігін айтарлықтай арттырады», — деді министр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар