Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Үш қызы бар, әйелі қатты науқас»: АҚШ-та екі қазақстандық жүргізуші ұсталып, қамауға алынды

«Үш қызы бар, әйелі қатты науқас»: АҚШ-та екі қазақстандық жүргізуші ұсталып, қамауға алынды
Сурет: facebook.com/sheriffchamberstx
АҚШ-та қазақстандық екі жүргізуші есірткі тасымалдау күдігімен ұсталды.

АҚШ-тағы Техас штатының Чемберс округінде екі қазақстандық жүргізуші есірткі тасымалдады деген күдікпен қолға түскен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Техас штатының Чемберс округі шерифі кеңсесінің мәліметінше, 2025 жылғы 27 қыркүйекте арнайы тергеу бөлімі есірткімен күрес басқармасымен бірлесіп, I-10 тасжолында автотасымалдаушы көлікті тексеру кезінде 35 келі кокаин тапқан. Есірткі көліктің құрылымына мұқият жасырылған.

Күдіктілердің аты-жөні – Нью-Йорктен Нұрсұлтан Мұқтарәлі, ал жолаушы Пенсильваниядан Мұхит Дәнібеков ұсталған. Оларға аса ірі көлемде есірткі сақтады деген айып тағылған. Екеуі де Чемберс округінің түрмесіне қамалғаны айтылды.

Мұхит Дәнібековтің ағасы Жомарт Дәнібеков інісінің Америкаға нәпақа табуға барғанын және олар тек алыс сапарларға жүк таситынын айтады. Яғни, күдіктілер жүк көлігінің ішінде есірткі барын білмеген көрінеді. Қазір оларды сотқа дейін босату үшін 200 мың доллар көлемінде кепіл қою керек. Жомарт Дәнібеков халықтан көмек сұрап, Мұхиттың ағасы Жомарт Дәнібеков олардың кінәсіз екенін айтып, мәлімдеме жариялады.

"Олар АҚШ-қа адал еңбек етуге келді, бөтеннің қылмысы үшін жапа шекпеуі керек. Бауырымның үш кішкентай қызы бар, жұбайы ауыр науқас", - деді Жомарт Дәнібеков.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар