Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таразда жұмысшылар жалақы төмен екенін айтып, наразылық білдірді

Таразда жұмысшылар жалақы төмен екенін айтып, наразылық білдірді
Сурет: gov.kz
Таразда жұмысшылар наразылыққа шықты.

20 қазанда Таразда коммуналдық сала қызметкерлері наразылық білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Шамамен 40 шақты қызметкер, оның ішінде «Жасыл Ел – Тараз» кәсіпорнының штаттық жұмысшылары мен халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қоғамдық жұмысқа жіберілген азаматтар еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерге байланысты мәселелер көтерді.

Қызметкерлердің айтуынша, жалақылары тым төмен, ал зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына аударымдар жүйесіз жүргізіледі.

Оқиға орнына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков келіп, жағдайды түсіндірді.

«Жалақыны көтеру мәселесін әкімдік қарастырып жатыр. Қаржылай бөлік облыс басшылығымен келісілді. Келер жылдан бастап штаттық қызметкерлердің еңбекақысы 20 пайызға өседі. Ал жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс істейтіндер бүгінде 80–85 мың теңге алса, енді барлық ұсталымнан кейін 150 мың теңге алады», – деді Исабеков.

Зейнетақы мен әлеуметтік аударымдардың тұрақтылығына қатысты шағымдар әлі тексеріледі. Алайда әкім орынбасарының айтуынша, егер жалақы толық және уақтылы берілсе, бухгалтерия міндетті аударымдарды жасамай қоюы мүмкін емес, деп жазады Kazinform.Таразда 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар