«TikTok-тағы лайкқа қатысы бар»: БҚО-да жасөспірім оқушыға пышақ сұғып алды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:26
- 143

Батыс Қазақстан облысында жергілікті мектептегі оқушылардың арасында төбелес шығып, біреуі пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға Теректі ауданындағы мектептердің бірінде болған. Подстепное ауылы тұрғындарының айтуынша, екі оқушы дәретхананың қасында сөзге келіп қалған. Артынан біреуі екіншісіне пышақпен шабуылдаған.
"Жанжал жұма күні басталған. Күзгі бал кезінде ұлдар сөзге келіп қалған. TikTok-қа, лүпілдерге қатысы бар болса керек. Бірақ сол кездегі мәселені енді ғана түбегейлі шешуді ұйғарған шығар. Мектепке пышақ алып келген бала тұрмысы нашар отбасыдан шыққан. Пышақ жарақатын алған оқушы жедел жәрдем көлігіне өзі барып отырды. Оны алып кетті", - деді ауыл тұрғыны.
Оқиғаға қатысты өңірлік ПД өкілдері пікір білдіріп, бұзақылық әрекеттерге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта аталған факт бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті – кәмелетке толмаған оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылатын болады.