Мәдениет
«Мен қазір қалыңдықпын»: Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығатынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:59
- 84

Әлия Әнуарбек қарым-қатынаста екенін және жігітінің ұсыныс жасағанын айтты.
Актриса Әлия Әнуарбек тұрмысқа шықпақ. Бұл туралы желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі “Бақыт құшағында” атты мюзикл-спектаклін көрермен назарына ұсынған болатын. Актриса қазіргі кезде қарым-қатынаста екенін Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында айтты.
“Бақыт құшағында” сырға салу, құда түсу деген дәстүрлерді көрсеттік. Сол жеке өмірімде де болды. Жолымды ашып, бағымды жандырды десем болады. Мен қазір қалыңдықпын. Тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалды”, – деді актриса.
Айта кетсек, актрисаның бірінші күйеуі қатерлі ісіктен көз жұмғанын жазған едік.