71 жастағы туысынан жүкті болып қалған: Түркістан облысында оқушы босанды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:36
- 45

Түркістан облысында 15 жасар қыздың 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған. Бұл туралы Telegram желісіндегі "Криминальный Казахстан" арнасында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"15 жастағы қыз көрші тұратын 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған. Жақындарының айтуынша, олар қыздың бала көтергенін жүктіліктің жетінші айында ғана білген. Оқушы қыз ақпанда босанды. Болған жайттан кейін ауыл тұрғындары күдіктінің отбасынан ауылдан көшіп кетуді талап етті", - делінген жазбада.
Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Келес ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған қызына қатысты заңсыз әрекеттерге қатысты арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп атап өтті ПД өкілдері.
Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.