
Семейде өтіп жатқан жарыста бес баланың анасы жеңіске жетті.
Семейде өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері кезінде бес баланың анасы жеңіске жетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жамбыл облысының өкілі Әйгерім Сәттібаева мен Жетісу облысынан Анель Құдайберген рингке көтерілді.
Шешуші жекпе-жекте Әйгерім Сәттібаева төрешілердің шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Спортшы Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, ал Анель Құдайберген күміс жүлдегер атанды.
Айта кетсек, Әйгерім Сәттібаева – бес баланың анасы. Осы жылғы Қазақстан чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының жаңа ережелері мен салмақ санаттары бойынша өткізіліп жатыр.