"Полиция келісіммен болған деп істі жапқан":71 жастағы қариядан бала босанған 15 жастағы қыз оқиғасы бойынша сұмдық деректер айтылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:10
- 1.7k

Түркістан облысында 71 жастағы ер адамнан бала туған 15 жастағы мектеп оқушысының ісіне қатысты полицейлерге де тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Күдіктіге қатысты "Зорлау" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Оқиға Еңбекші ауылында болған.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның мәліметінше, Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл істі номенклатуралық есептен алып тастаған.
"Түркістан облысында кәмелетке толмағанның жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыс бойынша ІІМ және облыс прокуратурасымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз", – деп жазды Закиева желідегі парақшасында.
Кәмелетке толмағанның анасы ресми арызды тек қазан айында жазған. Қызының жүкті екенін жеті айлығында білген. Яғни, оқиғаның орын алғанына бір жылдан асқан. Қазіргі кезде бала 9 айлық.
“Сұмдықты өз еркімен болды деп жауып жіберді. Егер ДНК нәтижесінде бұл дәлелденбесе Астанаға барамын”, - дейді анасы.
Бұл сұмдықты естіген ауыл тұрғындары бірауыздан “шалдың отбасы көшсін” деген талап қойды.
“Көшулеріңізді талап етеміз. Ауылда қалушы болмаңдар. Бұл масқарадан кейін шалды өлімнен басқа ештеңе күтіп тұрған жоқ”, - дейді айғайға басқан ауыл тұрғындары.
Бұл оқиғадан соң оқушы қыз өзіне қол салмақ болған.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан босанғаны уралы жазған едік.