Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бала-келінінен бөлек тұрғысы келген»: Ақбота Керімбекова Алматыдан көшіп кетті

«Бала-келінінен бөлек тұрғысы келген»: Ақбота Керімбекова Алматыдан көшіп кетті
Сурет: ашық дереккөздерден
Ақбота Керімбекова Астана қоныс аударды.

Танымал әнші Ақбота Керімбекова Алматыдан көшіп кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Әнші ұзақ жылдан бері тұрған өңірін қимайтынын жасырмады. 

“Алматыдан Астанаға көштім. Кейде өмір бізді жаңа орындарға алып барып, жаңа сезім, жаңа тыныс сыйлайды. Дегенмен, Алматы – әрқашан жүректе. Енді біраз уақыт Астананың самал желін, салқын таңдарын сезінейін деп тұрмын”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары Ақбота Керімбекова жақсылық тілеп, оны қимайтындарын жазды.

“Бала-келінінен бөлек тұрғысы келген”,“Қоныс құтты болсын”,  “Жаңа орныңыз құтты болып, қонысыңыз берекелі болсын! Астананың самал желімен шаштарыңыз желбіреп, жүрегіңіз елжіреп, әдемі әндеріңізбен жаңаша күйде таныла беріңіз!”, “Өте дұрыс шешім” деп жазды олар.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар