Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Түрмеден қашып шыққан 31 жастағы педофил үшінші сынып оқушысын зорлады

Түрмеден қашып шыққан 31 жастағы педофил үшінші сынып оқушысын зорлады
Сурет: телевизия Евроком
Ташкент облысында түрмеден қашып шыққан педофил оқушыны зорлап кетті.

Ташкент облысында түрмеден қашып кеткен 31 жастағы ер адам үшінші сынып оқушысын зорлап тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұрын ол педофил деп танылып қамауға алынған ол Ташкент облысының Ахангаран ауданындағы колониядан қашып шыққан. Сөйтіп үшінші сынып оқушысын зорлаған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.

Зардап шеккен қызға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, «Инсон» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандарының бақылауына алынды.

Ер адамның түрмеден қашып кетуіне жол берген қызметкерлер де жазаланды.

Еске салсақ, қазан айында Наманган қаласында жеті жасар қыздың зорланғаны белгілі болған еді. Осы оқиғадан кейін Өзбекстан Олий Мажлисінің депутаты Дилноза Азизова балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды және педофилдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын заңмен бекітуді ұсынған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар