Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру ұсынылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қазан, 2025
- 620
Еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру ұсынылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
2025 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңге.
Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының қорытындысында ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қарауды ұсынды.
"Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген жаңа әдістеме негізінде, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төменгі жалақы мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін арттыру қажет деп есептейді", – делінген құжатта.
Айта кетейік, қазан айының басында Сенат дамушы елдердің нақты қажеттіліктерін ескеретін ең төменгі жалақы туралы конвенцияны бекітті. Енді ең төменгі жалақыны есептеу кезінде мемлекет экономикалық жағдайды және жұмысшылардың нақты қажеттіліктерін ескеруді талап ететін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Үсік, жаңбыр мен қар: 2 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
- авторkyn.kz
- 2 қыркүйек, 2026
2027 жылы кейбір жәрдемақы мөлшері өсуі мүмкін
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 қыркүйек, 2026




