Алматыда 9-қабаттан құлап кеткен 18 жастағы қыз аман қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:18
- 57

Алматыда тұрғын үйдің 9- қабатынан құлаған 18 жастағы қыз аман қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, ол құлаған кезде іш киіммен болған. Көршілер пәтерде қыздың құрбысымен ғана болғанын және ішімдік қолданған болуы мүмкін дейді.
Алматы полициясы тексеру жұмсытарын жүргізді.
«Өзіне қол жұмсауға ұмтылу бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, жақында ІІМ жаөспірімдер арасында суицид жиілеп кеткені туралы статистиканы мәлімдеген болатын. Ведомстводағы ақпаратқа сәкес, жылдың басынан бастап 432 бала өмірден озған. Қайғылы жағдайдың себебі әртүрлі: отбасы жағдайы, махаббат, ата-анасының телефон көруіне рұқсат бермеуі, мектептегі және оқудағы қиындық.