Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Газды – 33%-ға көтердік»: Ұлттық экономика министрі Қазақстандағы коммуналдық тарифтердің өсуіне қатысты айтты

«Газды – 33%-ға көтердік»: Ұлттық экономика министрі Қазақстандағы коммуналдық тарифтердің өсуіне қатысты айтты
Сурет: primeminister.kz
Қазақстанда коммуналдық тарифтер бағасы 1 сәуірге дейін өспейді.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин коммуналдық тарифтердің өсуі бойынша күрт өсім күтілмейтінін айтты. Қымбаттау 2026 жылдың бірінші тоқсанының (1 сәуірге дейін) соңына дейін тоқтатылған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Журналистер министрге 1 сәуірден кейін бағаның көтерілуі мүмкін бе деген сұрақ қойды.

«Тарифтердің ең жоғары өсуі осы жылға тура келді. Біз теміржол тасымалының бағасын 24%-ға, газды – 33%-ға көтердік. Электр энергиясының қымбаттауы да газдың бағасының өсуімен байланысты. Қалған бағыттар бойынша өзгерістер айтарлықтай емес», – деді министр Сенаттың жалпы отырысы аясында.

Сонымен қатар, үкімет барлық тарифтерді бір уақытта көтермейтінін айтты. Министр коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы 2018 жылы басталғанын, бірақ кейін тоқтап қалғанын еске салды.

«Бір ереже бар: жылу мен ыстық су тарифтерін жазда көтеру керек. Ал кәріз қызметінің қымбаттауы айтарлықтай әсер етпейді, себебі оның инфляциядағы үлесі аз. Егер жаңартуды қазір бастамасақ, кейін олардың бұзылу қарқынына ілесе алмай қаламыз. Бәрін қайта қалпына келтіруге тура келеді, ал оған қаражат жетпейді», – деп қосты Жұманғарин.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар