"Денесін мұхдатқышта сақтаған": Ақтөбеде дәрігер-нефрологты өлтірген аға медбикеге қатысты сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:05
- 64

Ақтөбеде дәрігер-нефролог Абай Айсағалиевті өлтіріп, денесін мұздатқыш камераға жасырып қойған айыпталушыға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аға медбике Нұрсұлтан Шаймерденов алдағы 20 жылын темір торда өткізбек.
Сотта анықталғандай, қайғылы оқиға осы жылдың мамыр айында болған. Қылмыскер алдын ала жоспар құрған. Әріптесінің жинаған қаражаты барынан хабардар болған Шаймерденов түнде оның үйіне келіп, оған пышақ жарақатын салады. Ары қарай балтамен ұрып өлтірген. Содан кейін оның заттарын және банкоматтан ақша шешу үшін силиконды маска киіп, есепшотынан 5 миллион теңгеден астам қаражатты ұрлаған.
Қылмыскер дәрігердің денесін мұздатқыш камераға жасырып, кейін қылмыс іздерін жасыру мақсатында оны әртүрлі жерге тасымалдаған.
Сотта медбике кісі өлтіргенін мойындады. Бірақ абайсызда қылмыс жасағанын айтып ақталды. Алқабилер оның бұл сөзін жалған деп, қылмыстың алдын ала ойластырылғанын анықтады.
Сот Нұрсұлтан Шаймерденовке 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оны марқұмның ұлына моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Еске салсақ, Ақтөбеде дәрігер Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты алғашқы сот отырысы 11 қыркүйекте басталған болатын.