Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Басына екі рет оқ атқан»: бас әскери прокуратура 21 жастағы сарбаздың өліміне қатысты тергеу барысын айтты

«Басына екі рет оқ атқан»: бас әскери прокуратура 21 жастағы сарбаздың өліміне қатысты тергеу барысын айтты
Сурет: malim.kz
Прокурорлар Ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысты тергеу барысын айтты.

Бас әскери прокуратура Астанадағы Ұлттық ұланның 21 жастағы сарбазы Қайсар Сұлтановтың өліміне қатысты тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бас әскери прокуратура tengrinews.kz сайтының сауалына жауап ретінде Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы әскери қызметшінің өлімі дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп, сот сараптамасы тағайындалды", – деді ведомство өкілдері.

Прокуратура өзге деректерді тергеу құпиясына байланысты (ҚПК-нің 201-бабына сәйкес) жария етуден бас тартты.

Еске салсақ, Қайсар Сұлтанов 2023 жылы 9 қазанға қараған түні қайтыс болды. Ол Астанадағы 6636 әскери бөлімінде борышын өтеген. Марқұмның анасы қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ұлын көргенін және күдікті ештеңе байқамағанын айтады.

Қайғылы оқиғадан кейін тергеу органдары қылмыс құрамын таппай, істі үш рет жауып тастаған. Енді тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қайта басталды. Алайда Қайсардың анасы Сәуле Тілеубергенова ұлы өлтірілгеніне, ал кінәлілер әлі де Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп жүруі мүмкін екеніне сенімді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар