Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақмола облысында елуден асқан екі ер адам 12 жастағы қызды зорлап келген: күдіктілердің біреуі бұрынғы полиция қызметкері

Ақмола облысында елуден асқан екі ер адам 12 жастағы қызды зорлап келген: күдіктілердің біреуі бұрынғы полиция қызметкері
Сурет: Freepik.com
Ақмола облысында екі ер аадам жасөспірімді зорлап, оны қорқытып келген.

Ақмола облысында елуден асқан екі еркек 12 жастағы жасөспірім қызды зорлап келген. Желіде күдіктілердің бірі бұрынғы полиция қызметкері болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде полиция тергеу жүргізіп жатыр. “Не молчи” қорының жазуынша, қыздың анасы жұмыс істеу үшін ауылдан қалаға көшіп келген.

“Анасы бір бөлмелі пәтерді жалға алып, қыздары ауылда қалған. Ол демалыста үнемі анасына келіп тұрған. Пәтер иесі — 1967 жылы туған күдікті ер адам, бұрынғы полиция қызметкері. Ол 12 жастағы жасөспіріммен сөйлесіп, оның сеніміне кірген. Сөйтіп қызды алдап орманға апарып, сол жерде зорлаған. Ісін бітірген соң қызды бұл туралы біреуге айтса, бүкіл қала білетінін және осыны үлкен әпкесіне де жасайтынын айтып қорқытқан. 2024 жылдың жазында ол қызды балмұздақ сатып жүрген жерінен базарда көріп қалған. Сөйлесіп, қыздың телефон нөмірін сұрап алған. Кейінірек оған ақша беріп, бір реттік электронды темекелер (вейптер) сатып әперіп жүрген. Күдікті қызды бірнеше рет зорлап, ол туралы 1968 жылғы көршісіне де айтқан. Сөйтіп екінші ер адам да қызды зорлаған. Қыздың әпкесі жасөспірімге ересек ер адамның ашық хаттар жазып жүргенін кездейсоқ көріп қалған”, – деп жазды қор.

Бұл жағдайдан кейін қыз тұйықталып, психологқа өзін “лас” әрі кінәлі сезінетінін айтып берген. Ал күдіктілер істі тоқтату үшін қыздың отбасына ақша ұсынған. 

“Не молчи” қорының жазуынша, бір күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылған.

“Екінші күдікті бойынша іс алғашында қылмыстық кодекстің122-бабы (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша қозғалған еді. Алайда кейін тергеу іс-әрекеттері қайта сараланып, бап 121-1-бапқа (16 жасқа толмаған тұлғаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстық қудалау) өзгертілген. Бұл бап бойынша жаза: түзеу жұмыстары, айыппұл немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түрінде көзделген. Іс 2025 жылдың наурыз айында Бурабай ауданының полиция бөлімінде тіркелген. Алайда осы кезден бастап қылмыстық іс тоқтатылған. Ал екінші күдіктіге қатысты іс қылмыстық теріс қылық ретінде қарастырылып отыр”, – делінген жазбада.

12 жастағы қыздың ата-анасы мен адвокаты 2025 жылдың шілде айында Ақмола облысының прокурорымен кездескен. Ол істі міндетті түрде сотқа жеткізуге уәде берген. Бірақ заң өкілі Ақмола облысының полициясы бұл істі сотқа жібермей, тергеуді созып, кінәлілерді жауапкершіліктен құтқаруға тырысып жатқанын айтады.

Бұл іске қатысты Ақмола облысы полиция департаменті пікір білдіріп, қазір тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

“Щучинск қаласының тұрғыны 15 жастағы қызының зорланғанын айтып, шағымданды. Кейін Бурабай ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастап, қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізілді. Қазір бұл істің тергеуі Ақмола облысы полициясының Тергеу басқармасының өндірісіне берілді. Қосымша тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында Бурабай ауданы полиция бөлімінің бұрын қабылдаған процессуалдық шешімдерінің объективтілігі тексеріледі”, – деп мәлімдеді полиция.

Алайда ведомство қылмыстық іс бойынша күдіктілердің құқық қорғау органдарына қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

“Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр. Қорытынды процессуалдық шешімдер прокуратурамен келісілгеннен кейін қабылданады. Полиция департаменті жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады және мұндай әрекеттер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді”, – делінген хабарламада.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар