Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада пластикалық ота жасатқан 22 жастағы қыз комаға түсіп, бір әйел көз жұмды

Астанада  пластикалық ота жасатқан 22 жастағы қыз комаға түсіп, бір әйел көз жұмды
Сурет: veselka.clinic
Мұрнына ота жасатқан 60 жастағы әйел көз жұмды.

Астанада мұрынға пластикалық ота жасайтын дәрігердің қолынан 60 жастағы әйел қайтыс болып, 22 жастағы қыз жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

КТК арнасы мәлім еткендей, екі жағдай әр уақытта және әртүрлі жеке клиникаларда болған.

Полиция дерегінше, биыл сәуір айында 22 жастағы қала тұрғыны жеке клиникалардың бірінде мұрнына пластикалық ота жасатқан. Алайда операциядан кейін пациент комаға түскен. Маусым айында 60 жастағы әйел дәл сол хирург жүргізген пластикалық отадан кейін көз жұмған. Бұл жолы ота басқа лицензиясы жоқ клиникада жасалған. Медициналық орталық заңсыз жұмыс істеген.

Құқық қорғау органдары екі факті бойынша да Қылмыстық кодекстің «Медициналық қызметкердің кәсіби міндетін тиісінше орындамауы» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Пластикалық отадан аман қалған пациент қазір ем қабылдап жүр. Ал ота жасалған клиниканы Денсаулық сақтау министрлігі әлі тексермеген. Ведомство тек алдағы аптада тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, қылмыстық іс қозғалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар