Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жасанды интеллект бір миллион қазақстандықты жұмыссыз қалдыруы мүмкін

Жасанды интеллект бір миллион қазақстандықты жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Сурет: allsee.team
Жаңа құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі көптеген қазақстандық жұмыссыз қалатынын болжады.

Екі жарым миллион қазақстандықтың жұмысын жасанды интеллект атқарып, соның бір миллионы мүлдем жұмыссыз қалуы мүмкін. Жаңа құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің болжамы осындай. Сол үшін жауапты ведомство маман даярлауға қазірден кіріскен. Бірақ сол жұмыстың бәрін реттеуге тиіс заң сенаторларға ұнамай қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бүгінде нейрожүйе жасаған видеолардың шыны қайсы, өтірігі қайсы екенін айыру қиын. Заң жобасын қызу талқылаған Жоғарғы палата депутаттары соңында келіспейтін тұстарын тізіп, Мәжіліс қарауына қайта жіберді. Мәселен, жасанды интеллектіден келетін зиян үшін міндетті сақтандыру енгізіп, жауапкершілік пен талапты күшейту керек деп отыр сенаторлар. Соның бірі — Deepfake технологиясы. Онда алаяқтар адамдардың жалған суретін жасап, таныстарына хабарласып, ағайынның ақшасын алып, қалтасын қағып алатын болған. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мұндай жымысқылардың жолына тосқауыл қойып,  дереу жауапқа тартуды талап етіп отыр.

«Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жауапкершілік мәселесін ойластыруымыз керек сияқты. Өйткені мұндай істерді ЖИ өз бағдарламалары емес, адамдар жасайды. Мұндай фейктердің артында нақты адамдар тұр. Сондықтан жауапқа тартылуға тиісі – алаяқтық, бопсалау, заңсыз ақша жинау баптары», - дейді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар