«Менің некемнен қазақ зиян көрген жоқ»: Бекболат Тілеухан үш әйелін де жақсы көретінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:06
- 755
Белгілі жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан жеке өміріне қатысты шындықты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Кезекті бір сұхбатында ол үш әйелінің бар екенін және олардың үшеуі де өзін сүйетінін жасырмады.
"Олар мені қызғанбайды деп айта алмаймын. Қызғанады ғой. Үшеуі де мені сүйеді. Олар мені жек көрмейді. Тату ұстауға тырысамын. Адамзаттың эталоны, идеалы пайғамбардың әйелдері де бір бірінен қызғанды ғой. Ал кешегі советтік идеологиядан шыққан менің әйелдерім қызғанбайды деп айту өтірік болады. Қызғанады. "Бөрі арығын білдірмес" деген, ішкі проблемаларымыз ғой бұл. Қайтеміз енді, бұл менің тағдырым ғой. Бірақ бір нәрсені білем, менің полигамды некемнен қазақ зиян көрген жоқ. Тілеухан әулеті зиян көрген жоқ" деді.
Желі қолданушылар арасында неше түрлі пікір туындады.




