Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Анасы мен қызы бір-бірімен жұлысады, бір-бірін жек көреді»: жасөспірім тәрбелеп отырған ана сырымен бөлісті

«Анасы мен қызы бір-бірімен жұлысады, бір-бірін жек көреді»: жасөспірім тәрбелеп отырған ана сырымен бөлісті
Сурет: жасанды интеллект
Жасөспірім тәрбиелеп отырған ана жан жарасымен бөлісті.

Жасөспірімдік кезең бала үшін ең қиын кезеңдердің бірі. Психолог мамандары бұл кезеңде бала өзіне көп сұрақтар қойып, өмірге деген көзқарастары өзгеретінін айтады. Яғни, мінезі өзгеріп, өзін ортада ұстаунда өзгерістер пайда болады. Осы жастағы бала тәрбиелеп отырған ананың бірі Қозыбаева Жазира өтпелі кезеңді басынан кешіріп жатқан қызы туралы айтып, өз жан сырын ақтарды. Бала тәрбиелеудегі қиындықтарын бөлісті.

  • ­Жазира ханым, сіз қанша баланың анасы боласыз? Бала тәрбиесі бойынша қандай келіспеушіліктер не болмаса қиындықтар туындап жүр?
  • Мен екі қыздың анасымын. Үлкен қызым дәл қазір өтпелі кезеңде. Қызым кішкентай күнінде маған қатты жақын болатын. Қазір есейген сайын өз ортасы бар. Соңғы уақытта мінезі қатты өзгерген. Бұрын әңгіме айтып, күліп отыратын бала қазір өз әлеміне кіріп кетеді. Осы кезеңде мен де өзімді қайта тәрбиелеп жатқандаймын.
  • Өтпелі кезеңдегі қызыңыздағы ең үлкен өзгеріс неде деп ойлайсыз?
  •  Ең алдымен эмоция өзгерді. Кейде көңілі көтеріледі, бір сағаттан соң ренжіп отырады. Оның себебін білмей біз алаңдап жүреміз. Сұрасақ, кейде өзіңді кінәлі етіп қояды. Бұрын менің кеңесімді бірден тыңдайтын, ал қазір “мен өзім білемін” деген жауап жиі айтылады. Мен осындай жағдай өткен кісілерден кеңес сұраймын. Өзім тігінші болып жұмыс істеймін. Келгендер әңгімелерін айтады. Соның бірі 50 жасқа таяп қалған әйелдің айтқаны сабақ болды. Қыздың сабағы нашарлаған. Мектеп те, сынып та ауыстырыпды, бірақ нәтижесіз болған. Содан амалы қалмаған әйел маманға жүгінген. «Психологқа бірнеше рет бардық. Басында қызым орта жолда қашып кетіп жүрді. Бірақ қолынан жетектеп тұрып психологқа апардым. Сол кезде психолог 15 жастағы қызым өз әлемінде жүргенін айтты. Өзін жалғыз сезінген. Өмірге де қызығушылығы төмендеген. Сол себептен де сабақ үлгерімі нашарлап, тұйықталып кеткен екен. Мен үлкен ұлымның баласы – немереме көп көңіл бөлетінмін. Баладан – немеер тәтті деген сөзіміз бар ғой. Ол дұрыс емес екен. Сонда мен өз қызымды ұмытып кеткенмін. Бұл менің үлкен қателігім. Қайта дер кезінде қызымды психологқа апардым. Әйтпесе өз-өзіне қол жұмсайтын еді» деп жылаған. Осыдан соң ол қызына көңіл бөле бастайды. Екеуі бірге тамақтанып, қызымен көп уақыт өткізе бастайды. Психолог сеансы біткен соң шетелге апарады. «Теңізді көргенде қызым үндемей тұрып қалды. Бір уақытта суға жүгіріп, қатты жылап жіберді. Мен сол кезде қызымның ішіндегі мұңды, ауыртпалықты сездім. Екеуміз де бір-бірімізді құшақтап жыладық. Міне, содан кейін ара-қатынасымыз жақсарып кетті. Қазір 25 жастан асты. Жақында тұрмысқа шығады» деп айтқан еді. Көрдіңіз ба, баланы біз түсінуіміз керек екен ғой. Кейде тіршіліктің қамымен жүре береміз. Бірақ баланың ішінде не болып жатқанынан бейхабармыз. Қазір мен де осы кісі секілді қызыммен айына екі рет кезедсу ұйымдастырамын. Ол жерде тек ана мен қызы ғана болады.
  • Сіздің ойыңызша, ата-аналар өтпелі кезеңде не істеуі керек?
  • Біріншіден, баланы сынамау керек. “Неге олай істедің?”, “Бұрын бұлай болмаушы едің” деп айтып қажет емес екен. Екіншіден, өз эмоциямызды да бақылау қажет. Өйткені баланың жүйкесі өте нәзік. Үшіншіден, қолдау. Қыз бала өзін түсінетін адам бар екенін сезінуі тиіс. Ұл балаға қатысты айта алмаймын. Өзім ұл тәрбиелеп отырмаған соң, көп білмеймін. Бірақ ұлдарға да әкелері көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
  • Өзіңіз секілді жасөспірім тәрбиелеп оытрған ата-аналармен қандай кеңесіңізді бөлісе аласыз?
  • Қыздарыңызбен сөйлесіңіздер. Тыңдаңыздар. Өзіне таңдау жасатып, дос болыңыздар. Тағы бір оқиға есіме түсті. Ата-анасы ажырасып кеткен балаларға қиын ғой. Әкесінің қолында 8 жасқа дейін тәрбиеленіп, кейін анасына барған қыздың оқиғасын естігенде жағамды ұстадым. Анасы мен қызы жұлысып, бір-бірін жеккөріп кеткендер де бар екен. Қызда анасына деген ерегесу, жек көру сезімі оянған. Кейіннен сабақ  үлгерімі нашарлаған соң, анасы оны интернатқа жібереді. Кішкене үйдің қадірін білсін деген ғой. Бірақ қайдан, одан сайын өрши түскен. Интернатта қыз қолының тамырын кесіп тастап, өлім аузынан қалған. Кәдімгідей шу болды. Қазір үйіне қайта оралды. Бірақ 16 жастағы қызы мен анасы екеуі бір-біріне дұшпан. Тіпті әйел қызының әр іс-әрекетін телефонға жазып отырады. Өйткені ертеңгі күні «менің атымнан арыз жазып жібереді» деп қорқады. Бұл анасы мен қызы психологқа да бармайды. Өйткені қыз көнбейді. Міне, осы сияқты жағдайға жетпеу керек. Кейде өзім қызыма ұрсып қойғанда ойланып қаламын. Баламмен ара-қатынасымды бұзғым келмейді. Сіздер де бұзып алмауға тырысыңыздар дегім келеді.
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар