Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Алып қашқан және зорлаған»: Шымкентте 16 жастағы қыздың әкесі үш жыл бойы әділдікке жете алмай келеді

«Алып қашқан және зорлаған»: Шымкентте 16 жастағы қыздың әкесі үш жыл бойы әділдікке жете алмай келеді
Сурет: газета.ру
Шымкентте 16 жастағы қызды алып қашқан жігіт оны зорлап тастаған.

Шымкентте 16 жастағы қызды алып қашу және зорлау бойынша қылмыстық істі жауып тастады. Полиция қылмыс әрекеті болмаған деп таныған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Немолчи.kz" қоры мәлімдеді. Жазуынша, Шымкентте 2023 жылы 20 жастағы азамат 16-дағы қызды алдап алып қашып кеткен. Оның телефонын тартып алып, ата-анасына ауылға келін болып түскенін жазған. Ары қарай қызды зорлап тастайды.

Қыздың 70 жастағы әкесі қыздың артынан барып, оны алып кетеді. Артынша, полицияға арыз түсірген.

«Тергеуші мен прокурор үлкен жастағы кісіге қызының ендігіде келін болғанын және қыз өзі соны қалап тұрғанын айтқан. Ақсақал сол жерде шу шығарады. Оны қызымен сөйлестірмей қойған. Ал оған әкесі мен шешесі «Болды сол адаммен тұр. Абыройыңды төкпе» деп айтқан», - дейді қор.

Қордың мәліметінше, тергеуші қыздың арызын алған. Жәбірленуші экспертизадан өткенде жарақат бары көрсетілген. Бірақ істі жауып тастаған.

Осыдан кейін қызды күйеуі әр ізін бақылап отырған. Оны оқып жүрген колледжіне жібермей, стипендиясын өзі алып отырған. Ұрып-соққан. Үш ай дегенде әкесі қызын ол үйден әрең алып кеткен.

«2023 жылдан бері әкесі әділдік іздеп жүр. Полиция қызметкерлерінің алдағанын және прокуратураның өтірігін әшкере ете алмай жүр», - деп жазды қор.

Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттің полиция басқармасына ресми түрде сауал жолдады. Полиция істің жабылғанын растады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар