Қоғам
Алматыда автобус аялдамаға соғылды: жаяу жүргінші зардап шекті
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қазан, 2025
- 681
Алматыда автобус аялдамаға соғылып, бір адамды қағып кетті.
Алматыда автобус аялдамаға соғылып, адамды қағып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін Жетісу ауданында сағат 12:35 шамасында болған.
"Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан ол бордюрге және аялдама тұрағына соғылған. Сондай-ақ сол сәтте аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен", – делінген полиция хабарламасында.
Салдарынан аялдамада тұрған жаяу адам зардап шеккен. Автобустың жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.
Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, барлық мән-жайы анықталуда.
Келесі мақала
ЖИ арқылы жер сілкінісін алдын ала анықтауға болады
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда әскери қызметшілерге төленетін төлем ережелері өзгерді
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қазан, 2026
Қоғам
Жарқыраған Ақжан: Астанада туған ерекше жылқы несімен таңғалдырады?
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қазан, 2026




