Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Президент бизнесті қолдау шаралары қабылданатынын мәлімдеді

Президент бизнесті қолдау шаралары қабылданатынын мәлімдеді
nur.kz
Тоқаев жаппай құлдырауға ұшырамау үшін экономикалық реформаларды жалғастыру қажет екенін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта шағын және орта кәсіпті қолдау үшін басқа да шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Ақордаға Салық кодексіне қатысты көптеген өтініш келіп түскен.

"Мен премьер-министрге нақты тапсырма бердім. Үкімет арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін кәсіптердің тізімін бұрынғы қалпында қалдырды. Алдағы уақытта шағын және орта кәсіпті қолдау үшін басқа да шаралар қолданылады",-деді Тоқаев Республика күніне арналған жиында.

Президенттің айтуынша, бизнес салық реформасынан зардап шекпеуге тиіс.

"Дегенмен экономикалық реформаларды мүлде тоқтатуға болмайды, қаншалықты қиын болса да, оң өзгерістерді міндетті түрде жүзеге асыруымыз керек. Әйтпесе, бәріміз жаппай құлдырауға ұшырауымыз әбден мүмкін", - деп түйіндеді Тоқаев

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар