Биыл 23 қазанда медициналық мекемеде емделіп жатқан сотталушы қашып кеткен.
Түркістан облысының полициясы қашып кеткен сотталушының қайда жасырынғанын анықтау мақсатында жедел іс-шара жасауда, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Күдікті өзін күзеткен қарауылдардан айласын асырып, ем қабылдап жатқан ауруханадан сытылып үлгерген.
"Полицияның барлық жеке құрамы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бақылау бекеттері қойылып, қажет шұғыл шаралар атқарылып жатыр. Бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды, барлық кінәлі тұлғаға қатысты қатаң шаралар қабылданады", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Бұл жайт Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынған.



