Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Күйеуі Кореяға жұмысқа кеткен әйел 5 баласымен өз үйінде тірідей жанып мерт болды

Күйеуі Кореяға жұмысқа кеткен әйел 5 баласымен өз үйінде  тірідей жанып мерт болды
takiedela.ru
Қырғызстанның Ош қаласында қайғылы жағдай болды.

Өрт үйді шарпыған кезде 13,11, 9, 6, 2 жастағы балаларымен 34 жастағы әйел ұйқыда жатқан.  Тоқтың тұйытқылынан болған өрт бас аяғы 20 минуттың ішінде жертөледен басталып, үйдің шатырын шарпып үлгерген.

ҚР ТЖМ баспасөз орталығының мәліметінше, кеше, 22 қазан күні таңғы 5:52 шамасында Орозбеков көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт тұрғын үйдің жертөлесінде сағат 3:30 шамасында басталғаны белгілі болды. Алапат өрт қысқа уақыт ішінде шатырға дейін таралған. Өрт сағат 6:25-те оқшауланды. Үйден 34 жастағы әйел мен 5 баланың денесі табылды.

Марқұм әйелдің күйеуі Оңтүстік Кореяға жұмысқа кеткен екен. Дереккөздердің мәліметінше, электр пеші салдарынан үй өртке оранған.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар