«Махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз»: Ләйлә Сұлтанқызы екінші рет тұрмысқа шығуына ұлдары қарсы емес екенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 қазан, 2025
- 17
Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол ұлдарымен жиі сырласатынын, бірақ жеке сұрақтар қоймайтынын жеткізді.
“Бұл жолы ұзақ сөйлестік. Әдетте видеоға сирек түсетін, рұқсаттарымен ғана сөйлесетін 16 және 18 жастағы ұлдарыммен достық форматта пікірлестім. Тым жекеге бармаймын. Ұяламын ба, әлде "өздері біледі ғой" деп ойлаймын ба, білмеймін. Бірақ қыздарға деген құрмет, жауапкершілік, тұрақтылық жайлы жиі айтамын. Бұл – мен үшін ең маңыздысы", – дейді ол.
Сонымен қатар, екінші рет тұрмысқа шығуына ұлдарының қарсы болмайтынын айтты.
“Жақында үлкен ұлым "махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз" деді. Күлкілі де, жүрекке де тиетін сөз болды. Махаббат туралы жиі сөйлесеміз. Бәлкім жастық әсері шығар, бірақ ересек адамдай әңгіме айтады. Қысқасы, ұлдарыммен достық, сенім және жауапкершілік туралы әңгімелесемін. Ал махаббат – сол әңгіменің ең жылы бөлігі", – деп түйіндеді Ләйлә Сұлтанқызы.




