Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жұрт тегін торт пен сушиге таласты (ВИДЕО)

Алматыда жұрт тегін торт пен сушиге таласты (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Алматыда тегін торт пен сушиге таласқан жұрт сынға қалды.

Алматыда жұрт мейрамхана таратқан тегін орт пен сушиге таласты. Бұл туралы видео желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мейрамхананың ашылуына байланысты жиналғандарға тегін торт пен суши таратылған. Алайда адамдар бір-бірін таптап кете жаздаған.

Видеодан ұйымдастырушылардың ұзын үстелге торт қойып, алып шыққанын көруге болады. Олар кезектің алдында тұрған балаларға торт тілімдерін ыдысқа салып берген. Бірақ соңына қарай артта тұрған адамдар бір-бірін итеріп, тамаққа таласқан.

Желі қолданушылары тегін торт пен суши жеуге асыққан жұртты сынға алды.

Олар «Біздің елде тегін беру дегенді жасамау керек, халық ондайга дайын емес», «Не болды, аштықтан келгендей», «адамдарға мәдениетті болу керек, балаларын тәрбиелеу керек, 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз ғой», «көрудің өзі ұят», «Африкада адамдар тамақты кезегін күтіп алады» деп жазды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар