Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстау облысында мұнайшылар ереуілге шықты (ВИДЕО)

Маңғыстау облысында мұнайшылар ереуілге шықты (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Маңғыстау облысында мұнайшылар еңбек құқықтарындағы әділетсіздікті айтып, видеоүндеу жолдады.

Маңғыстау облысындағы "МунайСпецСнаб Компани" ЖШС жұмысшылары видео үндеу жолдап, ереуілге шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Олар еңбек құқығындағы әділетсіздікті айтып, жұмыстарын тоқтатты. Жұмысшылар мемлекет басшысына, Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қаласының әкімдеріне, облыстық прокурорға және “ҚазМұнайГаз”  акционерлік қоғамының басқарма төрағасына жүгінді.

"Біз "МунайСпецСнаб Компани" ЖШС жұмыскерлері өзіміздің еңбек құқығымыздың бұзылып отырғанына және әлеуметтік әділетсіздікке жол беріп отырғанына алаңдаушылық білдіреміз. Біздің төмендегі талаптарымыздың орындалмауына байланысты 28 қазан 2025 жылы түнгі ауысымнан бастап жұмыс  тоқтатылды",- деді жұмыскерлер.

Жұмысшыларының талабына жауап берген “МунайСпецСнаб Компани” компаниясы жалақы уақытында төленіп, әлеуметтік жеңілдіктер заңға сәйкес беріліп жатқанын мәлімдеді.

“Қызметкерлердің 28 қазанда түнгі ауысымда жұмыс істеуден бас тартуы және жұмыстың тоқтап қалуы заңсыз және себепсіз”, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, компаниядағы еңбек дауы бұдан бұрын да болған. 2021 жылы шамамен 130 жүргізуші бір апта бойы ереуілге шықты. Ал 2023 жылы жүзден астам қызметкер Жаңаөзен көшелеріне шығып, әкімдікке дейін барып, президентке үндеу оқыды. Жанжал OzenMunaiService басшылығымен кездесуден кейін шешілді. 2024 жылы дәл осы компанияда да ереуіл болған. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар