Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтіріп кетті

Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтіріп кетті
Сурет: 365info.kz
Астанада бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаров қаза тапты.

Астанада түнде 90-жылдардан бері мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі қызмет атқарған Ержан Бабақұмаров қаза тапты. Полиция мәліметінше, бұрынғы шенеунік соққыға жығылған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы ақпарат желіде тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрын таныс болған адамдар арасында жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.

Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген.

1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болған. Мәдениет және ақпарат министрлігінде жауапты хатшы және вице-министр қызметтерін атқарған. Премьер-министр канцеляриясы басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, Мемлекет басшысының кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі қызметтерін де атқарған.

2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы әкімінің орынбасары болған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар