«402 млн теңге, 52 автокөлік, жеке тұрғын үй»: Шымкентте Nazira Gold қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:21
- 44
Шымкент қаласында Nazira Gold қаржы пирамидасын құру және басқару ісі бойынша 9 адам кінәлі деп танылып, оларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Тергеуді қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізді.
Күдіктілер өздерін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания өкілдері ретінде таныстырған, олар салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40 пайызы көлемінде табыс уәде еткен.
"Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам азамат тартылған. Күдіктілер салымшылардан түскен ақшаны қымбат автокөліктер, жер телімдері мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған", - делінген хабарламада.
Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Сот шешімімен 402 млн теңге көлеміндегі қаражат, 52 автокөлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ 17 келі зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленген», - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.



