Қоғам       
 Түркістан облысында газ жарылды: бір адам зардап шегіп, пәтер бүлінді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:28
- 62
 
 Түркістан облысында газ жарылып, үйдің тас-талқаны шықты.
 Түркістан облысының Отырар ауданында үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйде газ жарылысы болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы QazaqGaz Aimaq баспасөз қызметі мәлімдеді. Төтенше жағдай 30 қазан күні Шәуілдір ауылында кешке болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, адамдардың газ жүйесіне өздерінің қосылуы себеп болған.
“Бір адам зардап шегіп, бірнеше пәтер бүлінді. Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жүргізіліп жатыр”, — делінген хабарламада.
“QazaqGaz Aimaq” АҚ газға өз бетінше қосылуға қатаң тыйым салынатынын және оның адам өмірі мен қауіпсіздігіне зор қауіп төндіретінін ескертеді. Газ жабдықтарын қосу және техникалық қызмет көрсету тек лицензиясы бар мамандар тарапынан жүзеге асырылуы тиіс.

 
 





