Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйелге қатысты сот отырысы басталады

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйелге қатысты сот отырысы басталады
Сурет: видеодан скриншот
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секірді: іс сотқа түсті.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйелге қатысты қылмыстық іс материалдары түсті, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі.

Павлодар облыстық сотының мәліметінше, алғашқы отырыс 2025 жылдың 5 қарашасына белгіленді..

Сотқа баспасөз өкілдерінің қатысуына тыйым салынды, себебі қылмыстық іс жабық түрде қаралады.

Еске салсақ, 30 шілдеде Павлодарда 34 жастар шамасындағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел арнайы медициналық мекемеде тіркеуде тұрған.

1 тамыз кешке жарақат алған кіші ұлдың жүрегі тоқтап қалған. Кейін полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Аман қалған жеті жастағы бала қазір Екібастұз ауданындағы ауылда туысқандарының үйінде тұрып жатыр. Ол бір жыл бойы оңалтудан өтуге тиіс.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар