Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркиядағы 96 адам қаза тапқан жойқын жер сілкінісі: сот мердгерді 62 рет өмір бойына соттады

Түркиядағы 96 адам қаза тапқан жойқын жер сілкінісі: сот мердгерді 62 рет өмір бойына соттады
Сурет: thewrightcenter.org
Түркияда жер сілкінісінде қираған ғимараттың мердігерін сот 62 мәрте өмір бойына және қосымша 865 жыл түрме жазасын кесті.

Аданада 2023 жылғы 6 ақпандағы жер сілкінісінде қираған «Алпаргүн» тұрғын үйінің мердігері Хасан Алпаргүнге сот 62 мәрте өмір бойына және қосымша 865 жыл түрме жазасын кесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі TRThaber порталына  сілтеме жасап.

Адананың қылмыстық істер соты оны «бірнеше адамның өлімі мен жарақатына себеп болу» бабымен кінәлі деп танып, бұрынғы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Хасан Алпаргүн ғимаратты заңға сай тұрғыздым деп ақталуға тырысқанымен, сот сарапшылар қорытындысы мен өзге дәлелдер негізінде оның жауапкершілігін растады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар