Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жатын бөлмеде әйелі мен өз інісін бірге көріп қалған»: ер адам әйелін пышақтап өлтірді

«Жатын бөлмеде әйелі мен өз інісін бірге көріп қалған»: ер адам әйелін пышақтап өлтірді
Сурет: meme-arsenal.com
Ер адам бұрынғы әйелі мен інісін жатын бөлмеде көріп, оларды пышақтап тастады.

Бұрынғы әйелі мен інісін бірге көріп, оларға пышақ ала жүгірген ер адамның соты жүріп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  Alash.kz. сайтына сілтеме жасап.

27 мамырда бұрынғы әйелі мен балаларына жақындауға тыйым салатын қорғаныс бұйрығына қарамастан, Сырымбек Сайлауов бұрынғы жұбайының үйіне барған.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам үйдің терезесінен сығалап, жатын бөлмеде бұрынғы әйелі мен өз інісін бірге көріп қалған. Осы көріністен кейін ол әйеліне пышақ сұғып, інісіне жарақат салған.

Сот-психиатриялық сараптама Сайлауовтың қылмыс кезінде аффект жағдайында болмағанын анықтады. Дегенмен қорғаушы бұл қорытындымен келіспейтінін мәлімдеді.

“Қандай сұмдық жағдай болды. Ол әйелін өз інісімен ұстап алды. Екі жақты опасыздық. Біз оны эмоциалық күйзеліске ұшыраған деп санаймыз. Менің клиентім тек қазақ тілінде сөйлейді, ал сараптама аудармашысыз орыс тілінде жүргізілді. Неліктен аудармашы берілмеді? Іс қазақ тілінде ғой. Адамдардың психологиясы әртүрлі, әркім оқиғаларды өзінің жеке басына байланысты әртүрлі қабылдайды. Тәуелсіз елде бізге қазақ тілінде сөйлейтін мамандар қажет екені белгілі. Бұл уақытша шатасу болды. Ал інісінің жарақаттары жеңіл деп саналады. Біз сараптама қорытындысы мен біліктілігімен келіспейміз”, – деді қорғаушы Жомарт Ерназаров.

Жәбірленуші тарап марқұмның әпкесі сот отырысында көз жасын тыя алмады. Оның сөзінше, әпкесі бұрынғы күйеуінен үнемі қорлық көріп келген.

“Ол тірі және түрмеден шығады, ал оған бірнеше бала туып берген әпкем оның қолынан қаза болды. Пышақ ұзын болды және оның денесін тесіп өтті. Оның барлық ішкі мүшесі зақымдалған”, – деді жәбірленушінің әпкесі.

Сотталушы өз кезегінде істеген ісіне өкінетінін айтып, жазаны жеңілдетуді сұрады.

“Мен мұндай нәрсе болғанын ешқашан қаламаппын. Ол маған бөтен емес еді, біз бірге тұрдық. Отбасыларда кез келген нәрсе болуы мүмкін, бірақ мен мұндай болады деп ешқашан ойламаппын. Тергеу кезінде маған қысым жасалды, сөздерімді бұрмалады. Менің үш балам бар, ортаншысының мүгедектігі бар. Мен балаларыма керекпін, олардың асыраушысымын. Соттан мұны ескеріп, мені қатал жазаламауын сұраймын”, – деді Сырымбек Сайлауов.

Прокурор айыпталушыны ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу баптары бойынша кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар айыптау тарабы 30 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы талап қойды.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр. Үкім алқабилердің шешімімен жарияланатын болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар