Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Оның барлығын Тасқынмен салыстырамын»: Роза Рымбаева екінші рет тұрмысқа шықпауының себебін түсіндірді

«Оның барлығын Тасқынмен салыстырамын»: Роза Рымбаева екінші рет тұрмысқа шықпауының себебін түсіндірді
Сурет: видеодан скриншот
Роза Рымбаева марқұм күйеуін сағынатынын айтты.

Танымал әнші Роза Рымбаева не себепті екінші рет тұрмысқа шықпағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Халық әртісі өмірде ғана емес, өнерде де жалғыз екенін жеткізді. 

"Күйеуімді сағынамын. Мен тек өмірде жалғыз емеспін, өнерде де жалғызбын. Әрине, өнеріме ғашық адамдар бар. Мен оның барлығын Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіне жеткен адамды кездестірмедім, іздеген де жоқпын. Екі балама өзім әке, өзім шешемін. Менің осы деңгейге жетуіме еңбегін, шығармашылығын, білімін арнаған - Тасқын. Онымен кездеспегенде сахнада жүру, жүрмеуім белгісіз. Оны жасың ұлғайған сайын түсіне бересің", - деді ол. 

Желі қолданушылары Роза Рымбаева туралы жылы сөз жазып, әншіге жарыса қолдау білдірді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар