Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жүрегім қан жылады»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекпен ажырасып кеткенін айтты

«Жүрегім қан жылады»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекпен ажырасып кеткенін айтты
Сурет: видеодан скриншот
Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен қалай ажырасқаны туралы айтып берді.

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасып кеткенін және ол процесс қалай өткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында әңгімеледі.

Мөлдір Мұқанова отбасын сақтап қалу үшін көп жылдан бері тырысып келген. Алайда нәтиже болмапты.

«Он төрт жылға созылудың себебі — үзілмеген үміт. Бес балам бар, отбасымның бұзылғанын қаламадым. Бір күні Тұрсынбектен «Сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?» деген смс келді. Ол менің бірінші қадам жасағанымды қалаған сияқты. Себебі оны бес саусағымдай білемін. Сөйтіп, бірінші арыз жазуға тура келді. Маған өте ауыр болды. Жүрегім қан жылады. Сол кезде ол «Біз қалай ажырасамыз, бәрін бірге жасадық қой» деді. Басында осы сөздер мені ұстап қалатын. Бірақ кейін ол үйден жиі кетіп қалатынды шығарды», – деді әнші.

Айтуынша, Тұрсынбек жақсы әке. Бірақ ажырасуға тура келген.

«Тұрсынбек – жақсы әке. Бірақ мен күйеуі бар адаммын ба, жоқпын ба, соны түсінбей қалдым. Бұл тек екеуміздің тағдырымыз емес, балаларымыздың да өміріне әсер етті. Сол үшін шешім қабылдауға тура келді», – деді продюсер.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар