Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді
Сурет: eskisehir.net
Түркістан облысы мен Шымкентте жер сілкінісі болды.

3 қарашаға қараған түні Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Cейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 км жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14.2. MPV, магнитудасы – 6.2.

Жер сілкінісі Шымкент қаласы – 2 балл; Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылы – 2 балл; Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл, Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл болды.

Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы мәлімет түскен жоқ.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар