«Қызым бар екенін ескеруді сұраймын»: қазақтарға тіл тигізген қарағандылық ару сотта жылап кешірім сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2025
- 153
Мұсылмандар мен қазақ ұлтының азаматтарына тіл тигізген 22 жастағы қарағандылық Алика Мұхамадиева сотта соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның үстінен «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алика соңғы сөзінде де кінәсін мойындап, соттан жеңіл жаза сұраған.
«Тіл тигізген адамдардан кешірім сұраймын. Бұл әрекетім үшін қатты ұяламын және өкінемін. Соттан жаза тағайындарда кінәмді толық мойындағанымды, қатты өкінетінімді және кішкентай қызым бар екенін ескеруді сұраймын. Бұрын жұмыстарымды бітіріп алу үшін қызымды ата-анама сілтей салатын едім, енді оның жанында болу үшін барымды беруге дайынмын», - деді сотта Алика Мұхамедиева.
Айта кетейік, Threads желісінде бір адамның жазбасына пікір қалдырған Алика Мұхамедиева мұсылмандар мен қазақ ұлтының азаматтарына тіл тигізген.
«Мұсылмандардың көбі шошқа сияқты, сіздерден кейін дәретханаға кіргенде ол жердің лас жататынын бірнеше рет байқадым. Тіпті, дәретхананың есігінің тұтқасы су қалпында тұрады. Сондықтан, үйлеріңнен шықпай отырыңдар», - деп жазған еді.
Ұқсас жаңалықтар
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




