Ақнәр Гүлстанның өлімі: істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеуге алған
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2025
- 139
22 жастағы студент Ақнәр Гүлстанның қазасына байланысты қылмыстық істі Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз өндірісіне алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
«Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады.
Ведомство істің қандай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтыламады.
Еске салайық, 2024 жылғы 20 шілдеде Алматыда Ақнәр Гүлстан көз жұмған еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол тұрғын үй кешенінің жетінші қабатындағы пәтер терезесінен құлаған. Алайда марқұмның анасы Гүлстан Хамит қызының өзіне қол жұмсауы мүмкін емес екенін айтып, оның өліміне үшінші тұлғалар қатысы бар деп есептейді. Анасы әділ тергеуді талап етіп, бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




