Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты
Сурет: istockphoto.com
Түркістан облысында атыс кезінде 17 жастағы азамат көз жұмды.

Түркістан облысы, Көктерек ауылында атыс болып, 17 жастағы азамат көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, тағы үш адам жарақат алды. 

Egov.press Telegram-арнасының мәліметінше, 2 қарашада Түркістан облысының Көктерек ауылында атыс болған. Салдарынан 2008 жылы туған бала қаза тапқан.

“Атыс салдарынан 2008 жылы туған Төрехан Нұрлыбекұлы қаза тапқан. Сондай-ақ 2003 жылы туған Өмірзақ Саят пен 1995 жылы туған Алтынбек Дәулет жараланған. Кісі өлтіруге байланысты қылмыстық іс қозғалып, сұр BMW іздестіріліп жатыр”, – делінген жазбада.

Аталған жағдайға қатысты Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілердің бірі ұсталып, қамауға алынды. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар