«Қалайша түрмеде отырған адам мені пәтерден шығарып тастауға қатыса алады?»: Индира Елемес экс-күйеуіне шағымданды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:20
- 18
Белгілі әнші Индира Елемес Қасым-Жомарт Тоқаевқа, депутаттарға және қоғамға арнап бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында видео жариялады.
Айтуынша, ол 2018 жылдан бері балаларымен бірге тұрып келген Алматыдағы «Эль-де-Франско» тұрғын үй кешенін “құрылыс компания өкілдері пәтерді өз аттарына қайта рәсімдеп, бар болғаны 25 миллион теңгеге сатып алған”. Бірақ бұл пәтердің нақты бағасы шамамен 125 миллион теңге.
Бұл мәміле оның бұрынғы күйеуі, қазір тергеу изоляторында отырған Иманмади Қалелханның атынан жасалған.
”Қалайша түрмеде отырған адам еркін келісімшартқа қол қойып, мені пәтерден шығарып тастауға қатыса алады? Менің атыма тіркелген көлігімді де үш есе арзан бағамен сатып жіберген”, — дейді Индира Елемес бейнеүндеуде.
Сондай-ақ, ол бұрынғы жұбайының түрмеден әлеуметтік желілерге кіріп, өзіне жала жауып, туыстарына қоқан-лоқы жасап отырғанын да айтты.
“Мен әділдік іздеп полицияға бардым, бірақ олар істі жауып тастады. Қазір мен өз үйімнен балаларыммен бірге қуылғалы отырмын. Құрметті президент! Сізден мені және балаларымды мемлекеттік органдардың немқұрайлығынан, заңсыз әрекеттерден қорғауыңызды сұраймын. Олар тек формалды жауап берумен және қылмысты жасырумен айналысып отыр”, – деді Индира Елемес бейнеүндеуде.




