Басты жаңалықтар
Үш рет кездесіп, үйлендік`: Махмұд Сабырханның екінші әйелі шындықты айтты
- автор kyn.kz
- Бүгін, 21:11
- 1
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның екінші жұбайы көпшілік арасында қызу талқыланған сұрақтарға жауап беріп, олардың қалай танысып, үйленгені туралы айтты.
Жас келіншектің айтуынша, екеуі алғаш рет танысқаннан кейін көп уақыт өтпей, шаңырақ көтерген.
"Көп адам "қалай таныстыңдар?" деп сұрайды. Сол сұраққа жауап берейін. Жазда үш ай бойы Астанада болдым, кейін оқу басталып Шымкентке қайттым. Оқумен және жұмыспен жүрдім. Сол уақытта Махмұд Ливерпульде жарыста жүрген. Шынымды айтсам, ол кезде оны мүлде көрмеген де, танымайтын да едім. Бір күні жұмыста отырғанда мамам жазды. Содан үлкендер таныстырды бізді. Үш рет кездесіп, үйлендік", – деді ол.



