Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тұрсынбектің абыройын сақтау үшін небір сұмпайы тірліктер айтылмады»: Мөлдір Мұқанның әпкесі шындықты жайып салды

«Тұрсынбектің абыройын сақтау үшін небір сұмпайы тірліктер айтылмады»: Мөлдір Мұқанның әпкесі шындықты жайып салды
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Мөлдір Мұқанның әпкесі бұрынғы күйеу балсына қатысты шындықпен бөлісті.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі Мөлдір Мұқанованың әпкесі Айгүл Түлкібайқызы күйеу баласына қатысты жұрт білмейтін шындықты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйеліне жасаған кейбір тірліктері айтылмай қалған.

«Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсаң, барлығы Тұрсынбек пен Мөлдірді талқылап жатыр. Көбі Мөлдірді қолдап жатқанын көріп отырмыз. Мен Мөлдірдің әке-шешеміздің қанымен, тәрбиесімен келген тектілігін айтқым келеді. Қанша опасыздық жасалса да, ол Тұрсынбекті мырза деп сыйлап сөйлеп, көңілдесі туралы бір ауыз жаман сөз айтқан жоқ. Әйтпесе, туған апасы ретінде біз де көп нәрсені білеміз. Айтылуға тиіс небір сұмпайы тірліктер Тұрсынбектің абыройын сақтау үшін айтылмады. Мөлдір жоғарыда тұрды, олардың деңгейіне түспеді. 14 жыл шыдады, себебі біздің әулетте отбасы құндылықтары бірінші орында», – деп жазды ол.

Айгүл Түлкібайқызы Мөлдірдің бойындағы тектілікті айтып, ол әке-шешесінен алған тәрбие екенін жеткізді. Ол көпшілікті сіңлісін қолдауға және балаларына дұрыс тәрбие беруге шақырды.

«Мөлдір ешкімнің аяғанына, мүсіркегеніне мұқтаж емес, себебі бізді өмір ерте есейткен, небір сынақтардан өткізген. Берілген интервью оның жан дүниесін бәріне ашып берді. Мөлдірдің жаны нағыз мөлдір екенін бәрі көрді. Өзі айтқандай интервьюда көптеген нәрсенің шеті ғана айтылды, енді осымен шулата бермей Мөлдірге қолдау көрсетіп, дұрыс шешім шығарып, өзімізді және өз балаларымызды дамытайық, дұрыс тәрбие берейік, ұлтымыздың болашағын ойлайық. Мөлдір жалғыз емес, жанында жанын берер бес бауыры, аялайтын ағайындары, шын жанашыр достары бар. Сондықтан да бәрі біз ойлағаннан да керемет болатынына сенімдімін», – деп жазды Айгүл Түлкібайқызы.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар