Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті.
Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл жеткізді.
«Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, 2021 жылы ақынның Рауан Шаханов есімді ұлы дүниеден озған болатын. Ал биыл сәуірде ақынның бұрынғы әйелі Розалинда Шаханова 74 жасында қайтыс болды.



