«Тұрсынбектің алдынан өттім»: Мөлдір Мұқанова сұхбат бермес бұрын бұрынғы күйеуіне жазғанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:05
- 11
Белгілі әнші, әрі продюсер Мөлдір Мұқанова сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі Revuenews-қа жақында берген сұхбатында өзін даттағандарға жауап берді.
“Мен өмірде хайп, хейт деген нәрсені жөк көремін, тіпті шаршағанмын десем де болады. Отбасылық тақырыпты хайп ретінде касса жинасын немесе халықты дүр сілкіндірейік деген оймен жасау – үлкен қателік. Халықтың неге бұлай қабылдап жатқанын білмеймін. Мен ешкіммен жарыспаймын, әркімнің өзінің бағына, ниетіне қарай табысы түседі. Фильмім қандай касса жинаса да, мен разымын. Осындай депрессия уақытында мені одан әрі өмір сүруге жетелеген жоба. Осы сәтке сөйкес болып қалды”, – деді ол.
Ол сұхбат бермес бұрын Тұрсынбек Қабатовтың ойын білмек болған. Бірақ әзілкеш жауап бермеген.
“Сұхбатқа барардың алдында Тұрсынбек мырзаға жаздым. Ол кісіден кері жауап болған жоқ. Алдынан өттім десем де болады. Ары қарай бұл дүниені сақтап жүру мүмкін болмады, өйткені мені талап жатыр.Бұл дүние менің басымнан ғана өтіп жатқан жоқ. Ажыраспаймын дегеннің нағыз ұранын ұстаған адам мен болармын, бірақ басқа түскен тағдырға көнеді екенсің. Барлық айтқаным рас, шындық болғандықтан, өкінетін тұстарым болған жоқ. Керісінше, айтуым керек еді деген сәттер болды. Бірақ ол да дұрыс, себебі кейбір ақпаратты балалардың білмегені де жөн”, – деді продюсер.




