Адвокат: Есірткіге тәуелді жастарды жазалауды емес, емдеп, қоғамға қайтаруды ұсынамын
- автор kyn.kz
- Бүгін, 10:24
- 102
Соңғы уақытта елімізде есірткі қылмысы өршіп кеткен. Бұл мәселеге қатысты іс-шаралар жүргізіліп жатқанымен, есірткі құралдарын тарату кезінде ұсталған кәмелетке толмағандардың саны артқан. Осыған байланысты KYN.KZ тілшісі құқық қорғаушы, адвокат, қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде тергеу саласында қызмет еткен Асылбек Абдраимовпен сұхбаттасқан еді.
Асылбек мырза, Қазақстанда есірткіге қатысты қылмыстардың қандай түрлері бар?
ҚР Қылмыстық кодексінде есірткі қылмысына қатысты бірнеше бап қарастырылған. Оның ішінде есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу бар. Бұл әрекеттердің барлығы қылмыс болып саналады. Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру бойынша жазаланады.
Қылмыстық кодексте бұл әрекеттер үшін қандай жаза көзделген?
Қазақстанда есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап белгіленген. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін, оның ішінде есірткіні өткізу, өндіру, сату, жауапкершілік 14 жастан басталады. Егер жасөспірім 16-ға толмаған, бірақ есірткіге қатысты іс-әрекет жасаған болса, онда ол қылмыстық жазаға тартылмайды. Бірақ оған тәрбиелік ықпал шаралары қолданылады. Ол ювеналды комиссия немесе психологиялық орталық арқылы жүргізіледі. Ал 16 жастан асқандар есірткі айналымына қатысса, жаза қатал. Бес жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Соңғы жылдары жастар арасында есірткіге байланысты құқық бұзушылық көбейіп жатыр ма?
Соңғы жылдары жастар арасындағы есірткіге байланысты құқық бұзушылық көбейіп кетті. Ішкі істер министрлігінің 2025 жылғы дерегі бойынша есірткімен байланысты қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда үш немесе бес пайызға өскен. Көп жағдайда жастар интернет арқылы таратылатын синтетикалық есірткілермен (мефедрон) ұсталып қалады. Бұл қоғам мен мемлекетті алаңдататын үрдіс. Қоғамда есірткінің таралу деңгейі жасөспірімдер арасында артып келеді. Олар өте ерте жаста қолдана бастайды.
Интернет пен әлеуметтік желілер арқылы есірткі тарату қалай жүзеге асады және ол қаншалықты жазаланады?
ҚР Қылмыстық кодексінің 299.1 бабы бойынша есірткі немесе оған ұқсас заттарды насихаттау, жарнамалау үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Егер бұл істі желі арқылы, білім беру орындарында жасалса, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Интернетте әзіл ретінде болса да есірткі туралы жарнама немесе сурет тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.
18 жасқа дейінгі есірткі қылмысы үшін қандай жаза қолданылады?
2005 жылғы өзгерістерге сәйкес, есірткі өндіру, тарату және интернет арқылы сатуға қатысты жауапкершілік айтарлықтай қатайды. Мысалы, 297-бабы бойынша есірткіні сақтау және өткізу өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады. Ал 297.1 бапта есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу – мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бірақ менің көзқарасым бойынша қатаң жаза қолдануымен қатар, жастарды оңалту, оларға профилактикалық жүйесін күшейту де маңызды. Жазалау емес, сақтандыру, тәрбиелеу алдыңғы қатарда болуы тиіс деп есептеймін.
Есірткіні жарнамалау немесе насихаттаудың заңдық салдары қандай?
Мемлекет деңгейінде бірнеше бағыт жүзеге асырылуда. Есірткіге қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары білім ұйымдарында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Интернеттегі есірткі жарнамасын анықтау және бұғаттау. Ата-аналар мен мұғалімдерге арналған ескерту бағдарламалары, ювеналды полицияның жастарды есірткіден қорғау бағытындағы жұмыс көздері көрсетіледі.
Сіздің ойыңызша, жастарды есірткіден қорғаудың ең тиімді жолы қандай?
Ең тиімді жол кешенді жүйе. Мектептерде оқушыларды ақпараттандырып отыру керек. Нақты мысалдармен түсіндіру, отбасылық бақылау қажет. Ата-ана баласының ортасын білу, ашық сөйлесу керек. Жастардың уақыттарын пайдалы өңірге бағыттау, спорт, өнерге бет бұрғызу. Интернет бақылау, цифрлық кеңістіктегі есірткі насихатына тосқауыл қою. Оңалту бағдарламалары, есірткіге тәуелді жастарды жазалау емес, емдеп қоғамға қайтарған дұрыс деп есептеймін. Есірткіге қарсы күрес заңы қатаң болуы керек. Бірақ адамның тәрбиелік мазмұнымен қолданған дұрыс деп есептеймін.
Практикаңызда жастардың есірткіге байланысты жасаған қылмыстарының ең жиі кездесетін түрі қандай?
Адвокаттық тәжірибеде көбінесе есірткіні сақтау немесе тасымалдау жиі кездеседі. Кейде жеке тұтыну себебімен болып жатады. Сондай-ақ, интернет арқылы таратуға қатысу, курьер, жасырын жеткізу қызметіне алданып қалатындар бар. Есірткіні насихаттау және жарнама жасау бойынша ұсталатындар кездеседі. Кейде желіде әзіл, сурет, мем ретінде көрсетілген жарнамалар болады. Көпшілігі бұл әрекеттерді ауыр қылмыс екенін білмейді. Бірақ кейіннен қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатады.
Ата-аналар мен мұғалімдер баланың есірткіге қатысты қауіпті мінезін байқаса, қайда хабарласу керек?
Егер баладағы есірткіге қатысты қауіпті байқаса ата-ана 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласу керек. Облыстық есірткі қылмысына, күрес басқармасының сенім телефондарына, мектеп немесе колледж психологына жүгіну керек. Егер қылмыс белгілері анық болса, адвокат пен құқық қорғау органдарына хабарлау қажет. Мұндай жағдайды жасыруға болмайды. Балаға қауіп төндіреді және оны қылмыстық топтар пайдаланып кетуі мүмкін.


