Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Желтоқсан айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды

Желтоқсан айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды
Сурет: crimea.ria.ru
Биыл желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтіндер тоғыз күн демалады.

Осы жылы желтоқсан айында көп қазақстандықтар тоғыз күн демалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ал Тәуелсіздік күнінде бір демалыс күні берілмек.

eGov сайтында жарияланған ҚР-ғы 2025 жылғы мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, ел тұрғындары қарашада 9 күн демалады.

Алдағы желтоқсанда бес күндік жұмыс аптасында тоғыз күн демалыс болады. Айта кетсек, қазақстандықтарды қосымша демалыс күні апта ортасында, яғни 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне түсетін сейсенбіде күтіп тұр.

Әдетте мемлекеттік мереке сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс күні бір күнге ұзартылып, дүйсенбі демалыс күн болады. Алайда биыл мереке сейсенбіге сәйкес келгендіктен, қазақстандықтар 16 желтоқсанда демалады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар