Қазақстандықтар ипотекалық қарызды зейнетақы жинағы есебінен жаба алуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:04
- 132
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген бұйрыққа сәйкес, қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктері кеңеюі мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда болады.
Жоба зейнетақы жинақтарын мына мақсаттарға пайдалануды ұсынады:
• ипотекалық тұрғын үй несиесінің негізгі қарызын өтеу;
• ай сайынғы төлем мөлшерін азайту;
• несиенің мерзімін қысқарту.
Бұл жаңашылдық Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты болғандықтан, Қазақстан резиденттері БЖЗҚ-дан алынатын зейнетақы төлемі түріндегі табыстан жеке табыс салығын төлеуден босатылады.
Бұл өзгерістердің мақсаты — біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету, сондай-ақ азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша құралдар ұсыну.
Зейнетақы жинақтарын пайдалану арқылы сатып алынған үйді қайта сатуға шектеу қою қарастырылды. Бұл туралы қазан айында Отбасы банкі хабарлады.




